Жаманшоқы, Бүркітті – Көкшетау антиклинорийінің солтүстік-батыс шегінде орналасқан шоқылы тау.
Геогрофиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Есіл және Айыртау аудандары жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 372 метр.
Геологиялық құрылымы Кейінгі девон кезеңінде (360–390 млн. жыл бұрын) пайда болған. Дальний атты интрузивті кешеніндегі ашық жатқан шағын плутоний. Көбіне орташа және ірі түйірлі сұр, қызғылт сұр биотитті және мүйіз тәрізді биотитті граниттерінен түзілген. Олар табиғат және шаруашылық-тұрмыстық факторлармен бірге осы жерде қалыптасқан жайсыз экология ахуалды айқындайды. Шоқы етегінде орналасқан Горный ауылының суы мен ауасы гамма-сәулелі және радонды, адам денсаулығына қауіпті деп саналады. Сондықтан шоқының аты «Жаман» деп аталған.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Айыртау ауданы таулары Санат:Есіл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) таулары