Дәуірхан Жәлиұлы Айдаров (15 шілде, 1930 жылы туған, Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы) – мемлекеттік қайраткер. Философия ғылымдарының кандидаты (1963).

Өмірбаяны Қызылорда мемлекеттік педогогикалық институтын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті) бітірген (1950), Еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған. 1950–87 ж. аудан, облыс, комсомол комитетінде, облыстық партия комитетінде, Қазақстан Компартиясы ОК аппаратында жауапты қызметтер атқарды. 1987–90 ж. Қазақ КСР "Білім" қоғамы төралқасы төрағасының бірінші орынбасары 1991–96 ж. Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент 1998–2000 ж. Алматы педогогикалық университетінде (қазіргі ҚазҰПУ-да) доцент.

Шығармалары «Жақсы әдет-ғұрып, мерекелердің қалыптасуы» «Асыл қазына» «Сағынышты жылдар» «Ақ ниет», т.б. кітаптар мен ғылым еңбектер жазған.

Марапаттары 2 мәрте «Құрмет белгісі» Еңбек Қызыл Ту ордендерімен медальдармен марапатталған."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:15 шілдеде туғандар Санат:1930 жылы туғандар Санат:Қазалы ауданында туғандар Санат:Қызылорда мемлекеттік педогогикалық институты түлектері Санат:Қазақстан философтары Санат:Философия ғылымдарының кандидаттары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері