Александр Иванович Крыльцов (1.9.1916, Ресей, Орынбор облысы Чкалов ауданы Благовещенское селосы – 19.5.1972, Алматы қаласы) – зоолог, биология ғылымының докторы (1971). 1942 - Қырғыз педагогикалық институтын бітірген. 1941-1948 - Қырғыз медициналық және педагогикалық институттарында оқытушы болды. 1948-1958 - ВАСХНИЛ-дің Қазақ бөлімшесінің республиккалық өсімдік қорғау стансасында кіші ғылыми қызметкер, 1958-1972 - Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1970 жылы «Биологические основы борьбы с малым сусликом в Западном Казахстане» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері териология мәселелеріне (сарышұнақ экологиясы мен физиологиясы) арналған.Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қазақстан зоологтары Санат:1916 жылы туғандар Санат:1972 жылы қайтыс болғандар