Тілеуқабыл құмы – Зайсан қазаншұңқырының солтүстік-батысында құмды алқап.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Бұқтырма бөгенінің сол жағалауын бойлай 19 км-ге созылып жатыр, ені 10 км шамасында. Ауданы 135 км2. Құм төбелердің беткейі түйетайлы келген, салыстырмалы биіктігі 3-7 м. Бетеге, жусан, т.б. өседі. Тұщы грунт сулы қабаты 3 м тереңдікте жатыр. Жыл бойы жайылымға пайдаланылады."Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облысы құмдары