Тасшағыл — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы ауыл, Тасшағыл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Миялы ауылынан батысқа қарай 80 км-дей жерде, Қаттыкөл көлінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан.
Халқы 1989 жылы елді мекенде 1805 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 1279 адам (795 ер адам және 784 әйел адам) болса, 2009 жылы 1682 адамды (852 ер адам және 830 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том .
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1590 адамды (817 ер адам және 773 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 20 ғ-дың 30-жылдарының бас кезінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты қаланған. 1974 жылы ұжымшар негізінде кеңшар ұйымдасты. 1996 жылы кеңшар негізінде қаракөл қойын өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары құрылды.
Әлеуметтік және мәдени нысандары Тасшағыл орта мектебі «Жазира» бөбекжай-балабақшасы Тасшағыл ауылдық клубы Махамбет Өтемісұлы атындағы мәдениет үйі Тасшағыл спорт кешені
Елді мекендегі көшелер Жамбыл Жабаев көшесі Жәрдем Бүркішев көшесі Қанаш Қожахметова көшесі Қуан Досығалиев көшесі Нәсіпқали Мирамов көшесі Сәкен Сейфуллин көшесі
Дереккөздер
Санат:Қызылқоға ауданы елді мекендері