Рақымбай Оразалыұлы (1870, қазіргі Шу ауданы Оразалы ауылы – 1933, сонда) – би, халық қамқоршысы.Тараз энциклопедиясы Өмірбаяны Әкесі Оразалы қоқандықтар езгісіне қарсы күресте қол бастаған батыр атанған. Рақымбай да әкесі секілді Шу өңірінде өзінің батылдығымен және шешендігімен халық құрметіне бөленген. Бішкек уездік басқармасында қызмет еткен және би болған. Патша өкіметінің отарлық езгісіне қарсы ашық наразылық танытып, жергілікті халықтың мүддесін қорғау жолында белсенділік танытты. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси ахуалға сай қазақтардың саяси белсенділігін арттыру жолында нақтылы іс-әрекеттер жасап, ұлттық ұйым құруға үндеді. 1926 ж. БК(б)П қатарына мүшелікке өтіп, халық мүддесі жолында еңбек етті. Еңбектері 1928 жылы өз қаржысына мектеп үйін салдырды. Сол кезде сырты қызыл сырмен сырланғандықтан «қызыл мектеп» атанған бұл мектепте әлі күнге жас жеткіншектер білім алуда. Сілтемелер Би Қамқоршы Мектеп Дереккөздер