Әшірбек Құнанбаев (22.11. 1938, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Үкілі Ыбырай ауылы. – 24.11.2003) – техника ғылымдарының кандидаты (1985). Арғын тайпасы Қарауыл руынан шыққан.
Еңбек жолы Қазақ политехникалық институтын (1965, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Жезқазған, Сәтбаев қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1974–76) Жезқазған облысы (қазіргі Қарағанды) атқару комитетінің төрағасы (1982) Қазақстан Түрлі түсті металлургия министрлігінде басқарма бастығы (1986) КСРО Металлургия министрлігі жұмыспен жабдықтау бірлестігінің қазақстандық бөлімшесінің Бас директоры (1989) қызметтерін атқарған.
Ғылыми жұмыстары «Разработка гидроэлеваторных систем для транспортирования пульпы в условиях шахт Джезказганского горнометаллургического комбината» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.
Марапаттары «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.“Қазақ Энциклопедиясы”Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Сәтбаев қалалық атқару комитетінің төрағалары Санат:Жезқазған облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан металлургтері Санат:Техника ғылымдарының кандидаттары