Базаршы хан, Базаржыбек — 1359–1379 жылдар аралығында билік құрған Алтын Орда хандарының бірі. Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның ұрпағы.

Өмірбаяны Ол хан тағына Келдібек ханнан кейін (шамамен 1362–1363 жылдары) отырған. Сарай қаласының маңында шибанилық Қызыр ханға қарсы шайқаста жеңіліс тауып, билігінен айырылған.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-ХТизенгаузен В.Г., Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды, т. 2, М.—Л., 1941; Материалы по истории казахских ханств ХV — XVІІІ вв., А.-А., 1969; Утемиш-хаджи,Чингизнаме, А.-А., 1992.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том

Ханның өзі туралы тарихи мәліметтер өте аз сақталған (неміс шығыстанушысы Й. фон Хаммер-Пургштальдың бейнелі сөзімен айтқанда, оның билік еткен кезеңі Орда тарихының «айдаласына/шөліне» тұс келді). Оның есімі парсы авторларының еңбектерінде ғана кездеседі, бірақ оның атынан соғылған теңгелер (монеталар) табылмаған, сондай-ақ орыс немесе араб шежірелерінде де ол туралы ешқандай мәлімет жоқ.Сафаргалиев М. Г. Распад Золотой Орды. Саранск: Мордовское книжное издательство, 1960. С. 112.

Тарихшы А. Григорьев «базаршы» (базардағы саудагер) сөзі шынайы есім емес, жай ғана жанама лақап ат деп есептейді және Базаршыны Натанзидің билеушілер тізіміндегі Орда-Шайх ханмен теңестіреді.Григорьев А. Золотоордынские ханы 60—70-х годов XIV в.: хронология правлений // Историография и источниковедение стран Азии и Африки. Вып. VII. Л., 1983. Зерттеуші А. Г. Гаев бұл тұлғаны Наурыз ханмен байланыстырса, М. Г. Сафаргалиев оның тарихта болғанына күмәнмен қарайды (ол мұнымен қатар тағы төрт ханның: Тоқай, Сасы-Бұқа, Тоғлық-Темір және Құтлық-Қожаның өмір сүргенін күмәнді деп санайды).

Әдебиет Базарчи // Казахстан. Национальная энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004. — Т. I. — С. 333. — ISBN 9965-9389-9-7. Тизенгаузен В. Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т. 2. М.—Л., 1941. Утемиш-хаджи. Чингизнаме. Алма-Ата, 1992.

Дереккөздер

Санат:1359 жылы туғандар Санат:Алтын Орда хандары Санат:Тұлғалар:Алтын Орда