Ақбастау ауылдық округі – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Бірлесу-Еңбек, Шоқай ауылдары кіреді. Орталығы – Бірлесу-Еңбек ауылы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

Жер көлемі 3185,92 га.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Бірлесу-Еңбек ауылы 1219 1351 110,8 604 712 117,9 615 639 103,9 Шоқай ауылы 645 701 108,7 323 365 113 322 336 104,3 Жалпы саны 1864 2052 110,1 927 1077 116,2 937 975 104,1

Ақбастау деген кезінде үлкен бастау болған. Ауыл тұрғындары оны егістікті суару үшін пайдаланған. Аса өзенін бойлап орналасқан ауыл Ақбастау жазығында отыр. Осы округтегі екі ауыл Үлкен Аса мен Кіші Аса өзендерінің ортасында қоныстанған. Ауылдық округте канал қаздыруға себепші болған адамдардың атымен аталатын Мейірман каналы және Қошан каналы бар.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Бірлесу-еңбек ауылы Абай, Есімов және Жапарбеков көшелерінен тұрады. Ауылда "Бірлесу-Еңбек" орта мектебі, Бірлесу-Еңбек мешіті және ауылдық кітапхана мен ауылдық аурухана бар.

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) ауылдық округтері