Садрлар (парс. y€ — мықты, күшті; садр-и джаһан — жаһанның тірегі) — Бұхара қаласында рухани билік пен өкімет билігін қатар ұстаған Бұрхан әулетінен шыққан билеушілердің лауазымы (11 — 13 ғасырлар). Бұл атақты бірінші болып Салжұқ сұлтаны Санжардың тағайындауымен Бұхараның райсы (үкімет басшысы) болған Абдулазиз ибн Омар алған. Садрлар кейінірек Қарахан әулетіне тәуелді болды. Бірақ қала байларының қолдауына сүйеніп, бірте-бірте жеке билеушілерге айналды. Бұхара cадрлары қала билеушілері ретінде тіпті моңғол шабуылынан кейін де өздерінің меншікті жерін және билігін сақтап қалды. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том Дереккөздер:
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Садрлар · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.