Уқорғасындар немесе Бəрпі () — сарғалдақтар тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Жер жүзіне кең тараған 300 түрі бар. Соның ішінде Қазақстанда 14 түрі кездеседі. Жиі кездесетін түрі - ақезу бәрпі, таулы аймақтардың орманды алқаптары мен шалғындарда, өзен-сай жағасында өседі. Биіктігі - 70-200 см, тамыры - жіпшеленген шоғыр, сабағы - қабырғалы, түкті, жапырақтары - ірі, ұзындығы - 10-20 см, көлденеңі - 20-40 см, саусақтала тілінген, гүлшоғы бұталанған, көп гүлді. Гүлдері қоңыркөк, кейде сарғылт түсті. Маусым - тамызда гүлдейді. Қыркүйек - қазанда жемісі піседі. Бəрпі - улы, дəрілік өсімдік. Жүрек ауруына шипалы аллопинин дәрісі алынады.</ref>Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Дереккөздер
Санат:Сарғалдақтар тұқымдасы Санат:Улы өсімдіктер