Фатима Қадырбайқызы (; 12 наурыз 1951 жыл, Отыз-Адыр стансасы, Қарасу ауданы, Ош облысы, Қырғыз КСР) — КСРО ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген экономист маман, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1974), КОКП ХХV съезінің делегаты (1976).
Өмірбаяны Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген (1976).
1968–1980 жылдары Алғабас ауданы Бөген кеңшарында, 1980–1987 жылдары Алғабас ауданы атқару комитетінде төраға орынбасары.
1987–1995 жылдары Алғабас ауданы Майбұлақ кеңшарының директоры.
1996–1998 жылдары Алғабас өндірістік кооператив төрайымы.
1998–2000 жылы облыстық ІІБ — ИЧ/167/10 мекемесінің шаруашылық директоры.
2002 жылдан облыстық Ішкі саясат департаментінде қызмет істеді.
Марапаттары Еңбек Қызыл Ту (1973), Ленин (1976) ордендерімен марапатталған.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар