Жамбыл ауылдық округі – Жамбыл облысы Меркі ауданындағы әкімшілік бірлік.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Әкімшілік құрамы Құрамына Жамбыл, Жеміс-жидек, Талдыбұлақ, Тұрлыбай батыр ауылдары кіреді. Орталығы – Меркі ауданының орталығымен шектесіп жатқан елді мекен, Жамбыл ауылы.
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Жамбыл ауылы 6633 6861 103,4 3237 3378 104,4 3396 3483 102,6 Жеміс-жидек ауылы 1918 2463 128,4 933 1197 128,3 985 1266 128,5 Малшаруашылығы базасы 3 - 1 -- - - - 1 - Малшаруашылығы базасы 4 - 1 -- 1 - - - - Мтф - 1 -- 1 - - - - Талдыбұлақ ауылы 828 871 105,2 425 443 104,2 403 428 106,2 Тұрлыбай батыр ауылы 309 577 186,7 160 297 185,6 149 280 187,9 Жалпы саны 9688 10775 111,2 4755 5317 111,8 4933 5458 110,6
Тарихы Бұл округ алғаш 1939 жылы Меркі өзбек ауылды кеңесі болып құрылған, кейін 1972 жылы Жамбыл атауына ие болды. Кейіннен Жамбыл ауылдық округі болды. 1997-2001 жылдары Ақтоған ауылдық округі мен Жамбыл ауылдық округі біріктіріліп, Жамбыл ауылдық округі болды. 2001 жылы Ақтоған ауылдық округі жеке отау тікті. Бұл елді мекендердің бәрінде бір-бірден орта мектептер бар. Одан тысқары округ орталығы Жамбыл ауылында аудандық орталық кітапхана, дәрігерлік-диагностикалық кеңес беру орталығы, туберкулез ауруын емдеу диспансері, үш елді мекенде фельдшерлік-абулаториялық пункт бар.
Кеңес үкіметі құрылған алғашқы жылдары бұл елді мекендер өзінше шаруашылық болған. Колхоздарды ірілендіру тұсында бұрынғы майда колхоздар - "красный интернационал", "Красная заря" (қазіргі "Қызыл таң" ауылы), "Прогресс" (бұрынғы Қарға батыр ауылы, қазіргі Жамбыл бөлімшесі) біріктіріліп, Жамбыл атындағы колхоз болды. "Прогресс" ауылы болған жерде қазір үй жоқ. Тұрғындардың бәрі колхоздар ірілендірліп қосылғаннан кейін орталыққа көшіп кетті.
1996-97 жылдары Жамбыл атындағы колхозға қарап келген "Қызыл таң", Жамбыл бөлімшесі бөлініп шаруа қожалықтарын құрды. Жалпы қазіргі таңда Жамбыл ауылдық округі аумағында екі ірі - "Арна" мен "Меркі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны агробірлестіктері мен 150-ден астам шаруа қожалықтары бір.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Меркі ауданы ауылдық округтері