Катиб«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том (араб. KөTBџ) – көшірмеші, хат жазушы; “Кітап” деген сөзден шыққан. “Катиб” термині бағзы заманнан жеткен ескі өлеңдерде ұшырасады. Өз кезінде көшірмешілер едәуір рөл атқарған. Мысалы, мемлекет. басқару жүйесі өркендеген Иранда Катибтердің бірнеше тобы өмір сүрген. Олардың ең бастысы – катиб әс-сирр (үкімет құрамындағы кісінің хатшысы), енді бір тобы – катиб әл-инша (жазғыш), катиб әл-джайш (әскери істермен шұғылданушы) деген атақтарға ие болған. Орта ғасырларда қалалардың базарларында сәлем, арыз хат жазып беруді кәсіп еткен сауатты кісілер де болған. Бұлар да “Катиб” аталған.

Дереккөздер

Санат:Көшірмеші