Қулыкөл — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы ауыл, Қулыкөл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Талшық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде, Ащысу өзенінің оң жағасында орналасқан.

Тарихы Іргесі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланды. 1957 жылы тың жерлерді игеруге байланысты құрылған “Жаңаауыл” қой кеңшарының орталығына айналды. Кеңшар негізінде 1997 жылы 7 шаруа қожалығы, 1 ЖШС құрылды.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1040 адам (544 ер адам және 496 әйел адам) болса, 2009 жылы 799 адамды (419 ер адам және 380 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Ақжар ауданы елді мекендері