Шаян — Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы ауыл, аудан және Шаян ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Облыс орталығы – Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 128 км жерде, Шаян өзенінің оң жағын ала орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен77638510 9814 115,3 4204 4892 116,4 4306 4922 114,3

Тарихы Іргесі 13-15 ғасырларда қаланған. Кезінде Шаянда Түркістан-Тараз, Ташкент-Саудакент керуен жолдары тоғысқан.

Инфрақұрылымы Шаянда нан зауыты, автокөлік, жол құрылысы кәсіпорындары, астық қабылдау пункті, сауда орталығы жұмыс істейді. Шаруа қожалықтары құрылған. “Шаян” халық театры облысқа танымал өнер ұжымшарының бірі. 2 орта, 2 орталау, 19 кәсіптік-техникалық, музыка, спорт мектептері, аудандық аурухана, мәдениет үйі, 2 кітапхана, орталық стадион, демалыс саябағы бар.

Дереккөздер

Санат:Бәйдібек ауданы елді мекендері