Мақта бітесі () – бітелер тұқымдасына жататын жәндік. Мақта, бақша дақылдарын зақымдайды. Мақта өсіретін елдердің барлығында кездеседі. Аталығы болмайды, аналығы тірідей қанатсыз туылады. Ұзындығы 1,2 — 2,1 мм түсі сарыдан қою жасылға дейін болады. Қанатты және қанатсыз аналықтары, кейде дернәсілдері де арамшөптерде қыстайды. Көктемде 12ӘС температурада арамшөптерде көбейеді, 40 — 50 дернәсілге дейін береді. Жаз айларының басында қанатты мақта бітесі мақта егістігіне көше бастайды. Бір маусымда мақта бітесі 22 рет ұрпақ беруі мүмкін. Олар жапырақтарға зиян келтіріп, мақта талшығын ластайды, 50-ге тарта ауру қоздырғыштарын таратып, өсімдіктердің өсу қабілетін нашарлатады. Күресу шаралары: арам шөптерді жұлып, өсімдіктерге дәрі-дәрмек шашу керек.

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том Дереккөздер

Санат:Жартылай қатты қанаттылар Санат:Мақта зиянкестері