Ұзынарық — Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл, Қоғалы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Леңгір қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 24 км-дей жерде, Сайрамсу өзенінің сол жағалық аңғарындағы сайлы-жыралы келген тау алды жазығында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен11711112 975 87,7 589 508 86,2 523 467 89,3

Тарихы Ауыл 1968-95 жылдары қой өсіруге маманданған Калинин ұжымшарының орталығы болып келді. Ұзынарықта оның негізінде құрылған шаруа қожалықтары жұмыс істейді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

Дереккөздер

Санат:Төле би ауданы елді мекендері