Ермахан Әбдіұлы Биманов (1949 – 1997) — мүсінші.
Өмірбаяны Түрікмен мемлекеттік көркемсурет училищесінің мүсінші бөлімін бітірген (1976). 1976 жылдан өмірінің соңына дейін өз мамандығы бойынша еңбек етті. 1986–89 жылы Рига қаласының түбіндегі Юрмалада жұмыс істеген.
Қоғамдық қызметі Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1985). 1987 жылы Бүкілодақтық мүсіншілердің Атырау қаласында болған симпозиумына қатысқан.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023. ISBN 978-601-7059-54-5
Монументалды еңбектері 1990 жылы Нартай Бекежанов мүсінін; 1989 жылы «Балаға араша» жұмысын жасаған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:18 қыркүйекте туғандар Санат:25 сәуірде қайтыс болғандар Санат:Түрікмен мемлекеттік көркемсурет училищесі түлектері Санат:Қазақстан суретшілер одағы мүшелері Санат:Қазақстан мүсіншілері Санат:Шиелі ауданында туғандар Санат:Тұлғалар