Шақа — Павлодар облысы Аққулы ауданындағы ауыл, Шақа ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Аққулы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 87 км-дей жерде, Бесқарағай орман шаруашылығы қарайтын қарағайлы орман арасына орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен726687 532 77,4 365 271 74,2 322 261 81,1

Тарихы Іргесі 1974 жылы Бесқарағай орман шаруашылығының “Шақа” өндірістік кәсіпорнын құруға байланысты қаланған. Ауылда орман өндірістік кәсіпорны, тағы басқа мекемелер бар. Аудан орталығымен облыстық маңыздағы Аққу-Қазы-Шақа автомобиль жолы арқылы байланысады.

Дереккөздер

Санат:Аққулы ауданы елді мекендері