Якубовская Валентина Иосифовна (17.9. 1913, Рига қ. – 17.2.1985, Қарағанды қ.) – биология ғылымдарының докторы (1947), профессор (1963).
Пермь мемлекеттік университетін бітірген (1936) соң осы университетте ассистент (1936–37), Иваново медицина институтында ассистент (1937–50), Қарағанды мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі (1950–85, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) қызметтерін атқарған.
Оның негізгі ғылыми еңбектері адам және жануарлар биохимиясына арналған. Якубовская организмде холестерин алмасуын, оның сол тектес басқа қосылыстарға айналуын зерттеді.
«Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:17 қыркүйекте туғандар Санат:1913 жылы туғандар Санат:Ригада туғандар Санат:17 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1985 жылы қайтыс болғандар Санат:Қарағандыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан биологтары Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Пермь мемлекеттік унисерситеті түлектері Санат:Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы оқытушылары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының профессорлары