Малыбай Ертіс алабындағы тұйық көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Аққулы ауданы, Малыбай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1 км жерде. Теңіз деңгейінен 143,1 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 12,2 км2, ұзындығы 9,5 км, ені 2,2 км, жағалау сызығы 23,4 км, тереңдігі 2-5 м-ге жетеді. Су жиналатын алабы 142 км2. Қалың қамыс өскен жағалауы түйетайлы, батпақ. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Суы карбонатты, кермек. Қамыс-қорығында ондатр, құстар мекендейді. Суында балық бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Дереккөздер

Санат:Аққулы ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы