Күләш Пірімжанқызы Омарова(30.7.1955 жылы туған, Ақтөбе қаласы) – медицина ғылымының докторы (2001). Оқу жолы ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген. Жұмыс жолы Еңбек жолын дәрігер-терапевт болумен бастаған Омарова қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында ассистент, доцент (1979–1998) болып жұмыс істеді. 1999 жылдан осы институтта кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Ғылыми еңбектер «Патогенетическое обоснование пересадки эмбриональных гепатоцитов при различных формах печеночной недостаточности (экспериментальное исследование)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 кітаптың («Действие на организм факторов внешней среды», 2000) авторы. 3 өнертабыстың иегері.

"Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер </span>

Санат:Тұлғалар