Раушан Қажыкенқызы Білиева (28 тамыз 1936 жылы, қазіргі Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласында туған) – биология ғылымының докторы (1991 жылы), профессор (2009 жылы). Мәскеу қаласындағы Ауыл шаруашылық академиясын (1960 жылы) және КСРО Ғылым Академиясының Биохимия ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1964 жылы) бітірген. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметтер атқарады. Білиева 150-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, 15 авторлық куәлігі бар.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
Дереккөздер</span>
Санат:Тұлғалар