ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІСІ – құқықтық қатынасты туғызатын, құқық нормаларымен реттелетін нақтылы қоғамдық қарым-қатынас. Адам тек құқықтық қатынастың субъектісі болады, ал адам құқықтары мен бостандығы және міндеттері Құқық объектісіне жатады. Құқықтық қатынастар мен қоғамдық қатынастардың ортақ объектілері: мүліктік құндылықтар, жеке бастың игіліктері, субъектілердің іс-әрекеті, рухани шығарм. туынды, құнды құжаттар мен ресми қағаздар.Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Құқықтану