Қалиқожа – Балқаш көлінің батысындағы оқшауланған тау массиві.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Болаттау (Белтау) тауының оңтүстігінде 70 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 581 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, енді жері 6 км. Түпкі жыныстар беткейлерінде жер бетіне шығып жатыр. Таудың оңтүстік етегінде өзімен аттас құдық орналасқан. Оның тереңдігі 2 м, су шығымы 900 л/сағ.

Геологиялық құрылымы Силур және девон жүйелерінің эффузивті-шөгінді шоғырларынан түзілген.

Өсімдігі Аласа таудың сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, тасбұйырғын, т.б. өседі.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары