Ноғайбай — Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл, ауылдық әкімшілік округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қордай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км жерде, Ырғайты өзенінің аңғарында, бетеге, сұлыбас аралас тау шалғыны өскен, қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты қоңыржай ылғалды тауаралық агроклиматты белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1845 1871 101,4 925 966 104,4 920 905 98,4
Тарихы Ауыл 1993 жылға дейін "Ырғайты" деп аталып келген. 1964-1997 жылдары Кенен Әзірбаев атындағы қой өсіретін кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан Ноғайбайда өндірістік кооператив, ЖШС және шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, ауыл шаруашылығы колледжі, клуб, кітапхана, сауда орталығы, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар.
Дереккөздер
Санат:Қордай ауданы елді мекендері