Александр Алексеевич Мартынов (23.10.1947 ж.т., Қырғызстан, Шу облысы, Соқұлұқ ауданы, Сұқылық а.) — әскери қайраткер, генерал-майор (1997).
Ташкент жоғары командалық танк училищесін (1972), Брондытанк әскерлері әскери академиясын (1985) бітірген.
1972 — 88 ж. танк взводы, ротасы, батальоны командирі, штаб бастығы міндеттерін атқарған.
1988 — 91 ж. КСРО ҚК бас штабында, Түркістан әскери округінде қызметте болды.
1991 — 97 ж. ТМД елдері қарулы күштері мотоатқыштар әскерлерінің қару-жарақ пен техниканы сақтау базасының бастығы,
1997 — 99 ж. Қазақстанның 1-Армиялық корпусы командирінің орынбасары болды.
1999 — 2000 ж. ҚР Қорғаныс министрлігінде қызмет істеді.
2000 жылдан зейнет демалысында. “Қызыл Жұлдыз” орденімен, медальдармен марапатталғанҚазақ Энциклопедиясы, 6-том.
Дереккөздер
Санат:23 қарашада туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Соқұлұқ ауданында туғандар Санат:Ташкент жоғары командалық танк училищесі түлектері Санат:Брондытанк әскерлері әскери академиясы түлектері Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері