Кіші Қараой (2021 ж. дейін — Киевское)Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы — Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы ауыл, Кішіқараой ауылдық округі құрамына енеді.
Әкімшілік құрамы Аудан орталығы – Талшық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 65 км-дей жерде, Кіші Қараой көлінің солтүстік жағасындағы дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 905 адам (487 ер адам және 418 әйел адам) болса, 2009 жылы 574 адамды (285 ер адам және 289 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1954 жылы тың жерлерді игеруге байланысты Киев астық кеңшарын құру негізінде қаланды. Киевскоеде астық қамбасы, орта мектеп, дәрігерлік пункт, кітапхана бар. 1997 жылдан бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Ақжар ауданы елді мекендері