Болат Омарғазыұлы Райысысов (13.6.1953 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы) – ауыл шаруашылығы доктор (2002), профессор (2003). 1976 Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтының агрохимиялық және топырақтану факульеті (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) мен 1988 Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1988) бітірген. 1976-1979 «Союзгипрорис» жобалау институтында инженер 1984-1988 Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер 1992-1995 Қызылорда агроөнеркәсіптік өндіріс инженерлері институтында доцент (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) 1995-2003 кафедра меңгерушісі 2003 жылдан Қызылорда мемлекеттік университетінде проффессор қызметтерін атқарады. Ғылым еңбектері «Қазақстанның Арал өңірінде күріш өсірудің аймақтық технологиясын ғылыми негіздеу және жетілдіру» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының бағыты – Арал өңірі жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеудің экология кауіпсіз технологияларын зерттеу мәселесі. 60-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы."Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер</span>
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Болат Омарғазыұлы Райысысов · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.