Ізтұрған Ақжанов (1.1.1914, Маңғыстау уезі (қазіргі Маңғыстау ауданы), Ортаеспе ауылы – 1.1.2005) – сауда қызметкері. Өмірбаяны Ақтөбе кооператив училищесін бітірген (1964). 1932 – 1940 жж. - Балық шаруашылығы директоры. 1940 – 1949 жж. - Таушық көмір өндірісі директоры. 1949 – 1953 жж. - Маңғыстау ауданы денсаулық бөлімінде директор. 1953 – 1989 жж. - Маңғыстау ауданы сауда саласында қойма меңгерушісі, дүкен директоры, база меңгерушісі болды.
Марапаттары «Тұтынушылар кооперативінің үздігі» белгісі (1960) «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалі (1970).Маңғыстау энциклопедиясы, 4том
Дереккөздер
Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1914 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:1 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:2005 жылы қайтыс болғандар Санат:Ақтөбе кооператив училищесі түлектері Санат:Тұтынушылар кооперативінің үздігі белгісінің иегерлері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері