Иммуноблотинг — мунохимия әдісі, кейінгі кездерде антидененің бөлек антигендермен байланысын іздеуге қолданылып жүр. Бұл үшін антигендерді полиакриламид гелінде электрофорезбен бір-бірінен бөледі, бөлек антигендерді гелден арнайы жинақтағышқа кешіреді, оған зерттелетін: қан сарысуын қосады да, байланысқа түскен антиденелерді иммунофермент әдісімен анықтайды. Бұл ғылыми зерттеулерде де және вирус ауруларына диагноз қоюда да қолданылады (Мысалы адамның иммунды тапшылық вирусын зерттеуде). Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
Дереккөздер
Санат:Медицина Санат:Вирусология Санат:Иммунология Санат:Генетика Санат:Молекулалық биология