Бәтибала- Тобықты ішінде Мамай руынан шыққан әйел. Шүлембайұлы Әзімханнан 22 жасында 2 жасар баласымен жесір қалған Бәтибаланы туыстары ағайынды он кісінің бірі - Шынғайға қосуға ұйғарады. Бірақ дүние салған кісінің мал-мүлкіне қызыққан Алтынхан деген жігіт әмеңгері ретінде әйел үстіне алуға таласады. Бәтибала екеуіне де ризашылығын бермейді. Дау-дамай 1-2 айға созылып, ағайын арасы ашылуға айналады. Ел адамдары, ағайын-туыстары әділ төрелік айтар кісі іздеп, ақыры Абайды шақырады. Абай әйелді таласқан екі адамға да ұйғармай, қалған әмеңгерлерді түгел шақыртып алады да, таңдауды Бәтибаланың өзіне салады. Бәтибала Садықан Бозымбайұлын қалайды.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер

Санат:Абай энциклопедиясы