Жүрекқап (ұлпершек) () — жүректі сыртынан қаптап, оның бірқалыпты қызметін қамтамасыз ететін сыртқы сірлі қабық туындысы. Жүрекқап өз кезегінде үш қабаттан тұрады. Оның сыртқы қабаты - көкірекортасының сірлі қабығы (көкірекортасының плеврасы). Жүрекқаптың негізін, яғни оның ортаңғы қабатын көкірекіштік шандырдың жүрек түсындағы бөлігі - талшықты (фиброзды) қабат құрайды. Ұлпершектің ішкі бетін жүрекқаптың сірлі қабығының сыртқы қабырғалық (париетальды) жапырақшасы астарлайды. Жүрекқаптың ішкі сірлі қабаты жүректің табаны арқылы, оның сыртқы бетіне өтіп, жүректің сыртқы қабығы — эпикардты (жүрекқап сірлі қабығының висцеральды жапырақшасы) құрайды. Жүрек пен жүрекқаптың аралығындағы қуысты перикард қуысы деп атайды. Бұл қуыста жүрек пен жүрекқаптың беттерін сылап тұратын аздаған сірлі сұйық болады. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология

ru:Околосердечная сумка