200px|thumb|rightБҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі (ЭКОСОС, ағыл. United Nations Economic and Social Council) – Біріккен Ұлттар Ұйымының басты органдарының бірі. Бұл кеңес БҰҰ-ның экономикалық пен әлеуметтік салалардағы жұмысын реттейді.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

1945 жылғы 26 маусымда құрылды. Жұмыс орны: Нью-Йорк.

ЭКОСОС БҰҰ-ның 15 мамандандырылған мекемесіне, 9 салалық комиссияға, 5 аймақтық комиссияға жауапты.

Кеңес құрамы Кеңес құрамына 54 мемлекет өкілі кіреді. Әр мүшені БҰҰ Бас Ассамблеясы 3 жылдық мерзімге сайлайды. Мемлекеттерге ЭКОСОС мүшелігіне қайта сайлануға шектеу жоқ. Кеңеске мүше әр мемлекеттің 1 дауысы болады. Шешімдер ортақ дауыс беру әдісі арқылы қабылданады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы резолюциясына сәйкес, ЭКОСОС құрамына кіретін өкілдер саны келесідей бекітілді: Аймақтық топӨкіл саныАзия11Африка14Шығыс Еуропа6Батыс Европа мен басқа елдер13Латын Америкасы мен Кариб теңізі10

Дереккөздер

Санат:Саясат Санат:Халықаралық ұйымдар