Руда Досымбекова (1937 жылы туған), өлкетанушы. АлМУ-ды (бұрынғы ҚазПИ) бітірген (1959). 1966- 99 жылдары «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында қызмет істеді. Әууезовтің «Абай Құнанбаев» кітабын (1967), «М.О.Әуезов творчествосы бойынша библиографиялық көрсеткішті» (1972), «М.0.Әуезовтің қолжазба мұрасын» (1977), жазушының 12, 20 томдық шығармалар жинақтарын әзірлеуге қатысты. 1997 жылы жарық көрген «М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі», «Мұхтар Әуезов әлемі», «М.Әуезов туралы естеліктер» атты еңбектерді құрастырды. Ұлы суреткердің шығармашылық қызметіне байланысты «М. Әуезов шығармаларының бес томдығы» («Қазақ әдебиеті», 1974, 1 ақпан), «М.Әуезов және халық эпосының тарихи тамырластығы» («Жалын», 1983, № 1) т. б. мақалалар жазды. Әуезовтің әдебиет пен мәдениет қайраткерлерімен жазысқан хаттарын («Абай», 1997, №2- 3, 103-110-беттер), В. М. Жирмунскийдің Мұхаңа жазған 14 хатын («Простор», 1997, №10, 75-83- беттер) жариялады.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8 Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Руда Досымбекова · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.