Аққұм — Түркістан облысы Отырар ауданы, Маяқұм ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2020 жылы таратылған.Түркістан облысы Отырар ауданының бірқатар елді мекендерін тарату туралы
Географиялық орны Аудан орталығы - Шәуілдір ауылынан солтүстік-батысқа қарай 41 км-дей, округ орталығы - Маяқұм ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде, Сырдария өзенінің сол жағалык аңғарында, Сумарар көлінің оңтүстік-батысында қара жусан, дегелең, көкпек, бұйырғын басым өскен құмды, сортаңды, құмдақты-саздақты өңірде орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 145 адам (90 ер адам және 55 әйел адам) болса, 2009 жылы тұрғылықты тұрғыны болмады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы Ауыл 1957-96 жылы қаракөл қойын өсіретін "Овцевод" кеңшарының бөлімшесі болған. Кеңшар негізінде Аққұмда шаруақожалықтары жұмыс істеді. Ауылды Сумарар, Шынниет, Бәйбіше, Ақдала қоныстары, Ақтамбет төбесі, Аққұм құмы, Қуанқұдық құдығы, Өгізсай құмы, т.б. қоршап жатыр.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Отырар ауданының таратылған елді мекендері