Амплитудалық шектегіш (Амплитудный ограничитель) — кірісіне амплитудасы айнымалы тербеліс берілгенімен шығысында амплитудасы тұрақты кернеу алынатын құрылғы. Оның диодтық, транзисторлық, эмиттерлері біріккен екі транзисторлық схемалары бар. Амплитудалық және жиіліктік детекторлар құрамында және басқа құрылғыларда қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника