Нау шешен. Көктемнін бір күнінде Нау шешеннің лақтайын деп тұрған бір ешкісі ұшты-күйлі жоғалады. Ол іздестіріп жүріп ұрыны табады. Ұры: ешкінің орнына бір ешкі ал десе, Нау көнбепті. Ұры: екі ешкі ал дейді. Ол көнбепті. Екеуі ханға барыпты. Хан үш ешкі төлесін депті. Нау алмайды. Хан - төрт ешкі берсін, ал - депті. Нау тағы алмапты. Сонда хан түрып: - Не қылғаның мынау, ешкінің несі бар еді, сонша, - деп сұрапты. Сонда Нау: - Ешкімнің іші толған лақ еді, Саусам сүті бұлақ еді, Қап-қап құрты бар еді. Қарын-қарын майы бар еді, Сойсам терісі бұтыма қап еді. Мүйізі пышағыма сап еді... деп шұбырта жөнеліпті. - Е, жағың қарысқыр, мақтауын келістірдің. Енді ешкінің төлеуін айтшы? - депті хан. - Төлеуіне төрт ешкі, Айыбына алты ешкі, Өзімен он ешкі, Билік ақысы бір ат... депті Нау. Сонда хан күліп: - Бір ат, он ешкі бер де, мына пәледен құтыл, - депті ұрыға. "Нау кұрымай, дау құрымас" деген сөз содан қалыпты.Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Дереккөздер