Тікелей күшейтетін радиоқабылдағыш () — қабылданған радиосигналдың жиілігі өзгерместен детекторға берілетін радиоқабылдағыш. Детекторлеу арқылы бөлініп алынған төменгі жиіліктегі сигнал күшейтіліп, қатты сөйлегішке беріледі. Мұндай қабылдағыштың барлық толқындар диапазонындағы қабылдау сапасы бірдей бола бермейді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника