Рупорлық-айналық антенна — құрамында бір немесе бірнеше айна және рупор болатын антенна. Рупор түбінде қоздырылатын сфералық толқын айна арқылы шағылып жазық толқынға өзгереді. Мұндай антеннаның рупорлық-параболалық антенна деп аталатын түрі көп тараған. Онда парабалоид түріндегі айна кесіндісімен рупор біріктіріліп жасалған. Айна фокусы рупор түбіне сәйкестелген. Дербес антенна ретінде радиорелейлік және серіктік байланыстарда қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Антенналар