Константин Иванович Гусак (1843 – 1913) – генерал-губернатор. Констановск әскери училищесін (1862) Бас штаб академиясын (1868) бітірген. 1876 – 1880 жылдары Кавказ әскери округінде қызметте болды. 1873 жылы Хиуа жорығына Маңғыстау отрядының құрамында полк. Скобелевтің көмекшісі болып қатысқан. Осы жорық туралы «1873 жылғы Хиуа жорығы, кавказ отрядтарының іс қимылдары» атты еңбек жазған. 1876 – 1893 жылдары Түркістан әскери округінде қызметте, Сырдария облысының басшысы, Түркістанның ген.-губернаторы болды. Гусак осы қызметтерде жүріп Сыр өңірінің қазақтары, олардың әдет-ғұрыптары, салттары туралы еңбек жазды. 1889 жылы Ресей геогр. қоғамының толық мүшесі болып сайланды. 1893 – 1902 жылдары Приамурье генарал-губернаторының көмекшісі, генерал-губернаторы болып тұрғанда Хабаровскіде көркемөнер музейін, реалды училище, кадет корпусын, бастауыш мектептерін ашты.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997 Дереккөздер

Санат:Тұлғалар