Тоқбай Егізтайұлы Дауылбаев (1948 жылы туған, Маңғыстау ауданы Таушық ауылы) – сауда саласының маманы. Қарағанды кооперативтік институтын (1972), Мәскеудегі Г.П. Плеханов атынд. Ресей экономикалық академиясын (1994) бітірген. 1975 – 1989 жылдары Маңғыстау облысы тұтыну одағының көтерме-сауда базасының директоры, облысы еңбек-жинақ кассалары басқармасының, «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларды жабдықтау бөлімінің бастығы болды. 2004 жылдан Маңғыстау жол-құрылысы материалдар комбинат АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы, Маңғыстау облысы тұтынушылар одағының басқарма төрағасы. Дауылбаев «Ер Қосай» жинағын шығарды (2007). Қазақ КСР-і «Сауда ісінің үздігі» (1987) белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар
Санат:1948 жылы туғандар