Ерсайын Түйебайұлы Диханов (1941 жыл, Түрікменстан, Красноводск облысы Бекдаш кенті) – инженер-технолог, химия ғылымдарының кандидаты.

М.Ломоносов атындағы Мәскеу химия-техникалық институтын (1966), С.Орджоникидзе атындағы Мәскеу Басқару институтын бітірген (1983). 1966 – 1993 жылдары КСРО Химия-өндіріс министрлігінің «Қарабұғазсульфат» өндірістік бірлестігінде ауысым, цех бастығының орынбасары, лабораторияның бастығы, өндірістік-техника бөлім бастығының орынбасары, Челекен химия зауытының директоры. 1993 – 1999 жылдары Ақтау пластмасса зауытында цех бастығы, өндірістік лаборатория бастығының орынбасары, техника дамыту жөніндегі вице-президент болды. 1999 жылдан АқтМУ-да қызмет істейді.

КСРО «Химия өнеркәсібінің үздігі» (1979) белгісінің, Құрметті химик (1992) атағының иегері.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997

Дереккөздер

Санат:1941 жылы туғандар Санат:Түрікменстанда туғандар Санат:Химия ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан химиктері Санат:Мәскеу химия-техникалық институты түлектері Санат:Мәскеу басқару институты түлектері Санат:Ақтау пластмасса зауыты тұлғалары Санат:Ақтау мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:КСРО химия өнеркәсібінің үздіктері Санат:КСРО химиктері Санат:Қазақстанның құрметті химиктері