Абзал Бауыржанұлы Рақымғалиев (25 мамыр 1992, Алматы) – мәнерлеп сырғанаушы. Олимпиада ойындарына тұңғыш қатыспақ. Ең жоғарғы жетістігі – ересектер арасындағы әлем біріншілігінде – 24-орын (сәуір, 2009 ж), 13-орын «Төрт құрлық біріншілігі» (ақпан 2009 жыл), жасөспірімдер арасындағы «Гран При» кезеңінде 7-орын иегері (қыркүйек, 2008 ж). Биылғы маусымда екі рет жасөспірімдер арасындағы «Гран При» кезеңінде бақ сынап, 15-ші және 14-ші орындарды місе тұтты. Әлемдік рейтингте 58-орында. Ең жоғарғы ұпай көрсеткіші –156,91 («Төрт құрлық біріншілігі», қаңтар, 2010 ж.).

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мәнерлеп сырғанаушылары Санат:Алфавит бойынша мәнерлеп сырғанаушылар Санат:1992 жылы туғандар Санат:25 мамырда туғандар