Литокон(грек, lito — тас, eiko — бейне) — жадқа сақтаушы, видеосигналдарды қайта өзгертетін электрондық сәулелік құрал.

Оның нысанасы электр өткізгіштен тұратын төсеніш бетіне жалатылған диэлектрлік мозаикалардан тұрады. Литоконда бейне кіріс сигналының қарқындылығымен модуляцияланған электрондық сәуле шоғыры арқылы нысана бетіндегі мозаикаларға потенциалдық бедер түрінде жазылады. Содан кейін сәуле көмегімен қайта "оқылады" және "оқылу" кезінде коллектор тізбегінде бейнесигнал пайда болады. Қолданылу мақсаты графеконмен бірдей, яғни бір халықаралық теледидарлық жүйедегі бағдарламаны екінші халықаралық теледидарлық жүйеге көшіру үшін қолданылады. Нысанада жасалған потенциалдық барьердің сақталу мерзімі бірнеше минуттан бірнеше сағатқа жетеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника