Қосқоңыр - Сырдарияның оң жағалық аңғарындағы төбе. Қарақоңыр ауылдық округі аумағында орналасқан. Абсолют биіктігі 206 м. Аралығы 70—100 м кашықтықтағы шағын екі төбенің атымен айтылған. Төбелердің салыстырмалы биіктігі 4—5 м. Төбе басынан қоршаған айналаның 8 км-дей жері көрінеді. Батысында 11 км жерде Сырдария өзені ағып жатыр. Шығысында Серкін қонысы мен құдығы, солтүстік-батысында 6 км жерде Сарыкөл көлі жағалауында Сарыкөл аулы жатыр. Төбенің өзенге қараған бөлігі төбелі- жонды құмдауытты саз балшық келген, қалған бөлігі тегіс жазық. Төбе маңында бірнеше қыстау орналасқан.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 Дереккөздер