Шаңытбай Махамбетұлы(1917, Адай уезі Шетпе ауылы – 1991) – соғыс және еңбек ардагері. Ростов әскери училищесін бітірген. 1937 – 1939 жылдары Ұшқын ұжымшарында есепші, төраға, Шетпе ауылдық кеңесінде хатшы болды. 1941 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 – 1956 жылдары Маңғыстау ауданы партия комитетінде ұйымдастырушы, Екпінді, Жаңақорған, Ленин ұжымшарларында төраға, төрағаның орынбасары, 1956 – 1979 жылдары Маңғыстау ауданы ауыл шаруашылғының әр түрлі салаларында басқарушылық қызметтер атқарып, Шетпе мұнай базасында директор болды. 2 дәрежелі Отан соғысы ордені, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер
Санат:Тұлғалар