Жұмағали Омаров (1896, бұрынғы Ақтөбе округі, 13-ауылы – 1930) – қайраткер. Қарабауырдағы 1 сыныптық мектепті, Гурьев (қазіргі Атырау) орыс-қазақ училищесін бітірген. Гурьевтегі мұғалімдер училищесінде, Алаш әскери мектебінде оқыған. Адай уезінде әр түрлі партия, кеңес қызметінде, КазЦИК-тің Түрікменстан ЦИК-інде өкілі (Ашғабад), Форт-Александровскіде прокурордың жәрдемшісі, Ойыл ауданында кеңес сайлауын өткізу жөніндегі өкіл (1927) болып қызметтер атқарды. Адай уезін таратуға қарсы болғаны үшін тұтқынға алынып, ОГПУ үштігінің үкімімен атылған.«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар