Мамлют, Мәуліт — Солтүстік Қазақстан облысындағы қала (1969 жылдан), Мамлют ауданының (1932 жылдан бастап) және Мамлют қалалық әкімдігі орталығы, темір жолы бекеті.

Географиялық орны Облыс орталығы — Петропавл қаласының батысына қарай 40 км-дей жерде, орманды дала аймағында орналасқан.

Халқы Тұрғыны 7478 адам (2009).

Тарихы Ресейден қоныс аударушыларға байланысты 1814 жылы іргесі қаланды.

Инфрақұрылымы Мамлют қаласының әлеуметтік-мәдени саласында 3 жалпы білім беретін мектеп, лицей-мектеп, 3 кітапхана, мәдениет үйі, аудандық аурухана, 2 дәріхана, т.б. бар.

Кәсіпорындары Мамлютте ұн тарту комбинаты, агроөндірістік кешеннің «Голден Грейн» бөлімшесі, орман шаруашылығы кәсіпорны, т.б. жұмыс істейді. Мамлютка арқылы Оңтүстік Сібір темір жол мен республикалық маңызы бар Қостанай — Петропавл автомобиль магистралі өтеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Дереккөздер

Санат:Солтүстік Қазақстан облысы қалалары Санат:Мамлют ауданы елді мекендері